Бурабайдағы қонақүйден 106 адам эвакуацияланды

Бурабайдағы қонақүйден 106 адам эвакуацияланды
Фото: Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Бурабайдағы қонақүйден өрт шығып, 106 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

6 тамызда сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі 3 қабатты "Алматы" қонақ үйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт өрт шыққан.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт сағат 12:35-те оқшауланып, 13:00 сөндірілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан