Арыста екі адам салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, төрт тұрғынды атып кеткен

Арыста екі адам салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, төрт тұрғынды атып кеткен
Фото: Tengrinews.kz

Полицейлер Түркістан облысында ауыр қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 тамызда екі бейтаныс адам Арыста салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткен. Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Сондай-ақ құрылысқа көмектескен екі ер адам жарақат алды, олар ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. "Ұстап алу" жоспары қабылданды. Күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан