Петропавлды Ресейдің құрамына өткізу керек деген ер адамның есі дұрыс емес болып шықты

Петропавлды Ресейдің құрамына өткізу керек деген ер адамның есі дұрыс емес болып шықты
Фото: pixabay.com

Петропавл қалалық соты жергілікті тұрғын Валерий Лихушинді есі дұрыс емес болғандықтан қылмыстық жауапкершіліктен босатып, психауруханаға мәжбүрлеп емдеуге жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 7152.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавл қалалық сотының судьясы Тахмина Сабирова 4 тамызда ҚР ҚК 174-бабы 2-бөлігі (ұлттық алауыздықты қоздыру) және ҚР ҚК 180-бабы (Сепаратистік қызмет) бойынша айыпталған Валерий Лихушиннің үкімін оқыды.

Ата-анасымен бірге тұратын 51 жастағы ер адам Facebook-те Петр Сидоров деген атпен белсенді болған. Оның қазақ тілі, қазақ ұлты мен Қазақстан шекарасына қатысты сөздерін Желі қолданушылары байқап қалып, құқық қорғау органдарына және ҰҚК-ге жүгінген. 

Сотқа Лихушин ата-анасымен бірге келіп, судьяның айтқан сөздерін түсінбегендей кейіп танытып. қайта-қайта сұрап отырған.  

Айыпталушы мектеп жасында психневрологиялық диспансерге есепте тұрып, мінез-құлық бұзылыстары бар жеңіл ақыл-ой кемістігі деген диагноз қойылып, арнайы мектепті бітірген екен. Артынша Лихушин есептен шығарылған. Ал сот отырысында ол өз-өзін жұдырықпен бірнеше рет ұрғаннан кейін айыпталушы Алматыға стационарлық кешенді психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу үшін жіберуге шешім қабылдады, сараптама бойынша ол есі дұрыс емес деп танылды.

Нәтижесінде сот Лихушинді қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кеткен. Ол психологиялық ауытқуы бар адамдарға арналған ауруханада қанша уақыт емделетіні белгісіз. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина