- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кімдерге қауын жеуге...
Кімдерге қауын жеуге болмайды?
Жаз әртүрлі жеміс-жидектер мен көкөністердің науқаны екені белгілі. Бірақ соның ішінде қауын жүкті немесе бала емізетін әйелдердің денсаулығына және иммунитеті төмен адамдарға зиян тигізуі мүмкін. Бұл туралы диетолог Елена Соломатина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сонымен қатар, дәрігер балалар мен егде жастағы адамдарға ерте піскен жемістерді тұтыну зиян екенін айтады.
"Онда нитраттардың көп мөлшері болуы мүмкін, бұл бас айналуға, гипоксияға және физикалық жағдайдың нашарлауына әкеп соғады", - деп түсіндірді маман.
Дегенмен қауынның көптеген пайдалы қасиеттері де бар. Мысалы, олардың құрамында энергия беретін табиғи фруктоза қанты бар. Сондай-ақ, ағзаға оңай сіңетін сұйықтық, С дәрумені көп.
"Бірақ қант диабеті және артық салмағы бар адамдар тәтті қауындарға, қарбызға көп әуес болудың қажеті жоқ екенін есте ұстаған жөн", - деді Соломатина.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова