12 миллион теңгеден астам ақшаны иемденген ресейлік жалдамалы алаяқ ұсталды

12 миллион теңгеден астам ақшаны иемденген ресейлік жалдамалы алаяқ ұсталды
Фото: видеодан алынған кадр

Батыс Қазақстан облысында киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

29 шілдеде Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті CyberPol қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралда жалдамалы алаяқты, Мәскеудің 24 жастағы Х. есімді тұрғынын ұстады.

Ол Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 миллион теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.

Күдікті Орал полиция басқармасына қарасты уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан