Қазақстанда заңсыз жүрген Африканың 11 азаматы елден шығарылды

Қазақстанда заңсыз жүрген Африканың 11 азаматы елден шығарылды
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы елде заңсыз жүрген Африканың 11 азаматын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Заңсыз жүрген шетел азаматтарын Алматының полицейлері жергілікті рейд кезінде анықтады.

Алматы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчиновтің сөзінше, бір аптаның ішінде Қазақстан Республикасында заңсыз тұрып жатқан Африка континентінің 11 азаматы анықталған.

Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен олар Қазақстан Республикасынан шығарылған.

"Сонымен қатар профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында Қазақстанның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдердің 10 және көршілес мемлекеттердің 137 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айта кеткен жөн. 23 шетел азаматы мемлекеттен шығарылды. Қабылдап-таратуға құжаттары жоқ 52 шетелдік азамат орналастырылды", - деді Асхат Бутунчинов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан