Жамбыл облысындағы фосфор зауытында жантүршігерлік жарылыс болып, екі қызметкер оңбай күйіп қалған

Фото: видео кадры

Жамбыл облысындағы фосфор зауытында екі қызметкер оңбай күйіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 3 тамызда сағат 11.30-да болған. 

"Фосфор зауыты" ЖШС қоймасының аумағында резервуар-контейнерден сары фосфор алынды, салдарынан екі азамат - 1991 жылғы Орманов Д.Ж. және 1997 жылғы Қалдыбай Ш. Е. зардап шекті. Зардап шеккендер Тараз қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді, онда оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасы Tengrinews.kz тілшісіне.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина