"Ескі Қазақстанның жарқын өкілі". Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сынға қалды

"Ескі Қазақстанның жарқын өкілі". Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сынға қалды
Фото: Tengrinews

Танымал сарапшы Олжас Құдайбергенов Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұрынғы саясаткер Ғабидолла Әбдірахымов "Болашақ" бағдарламасы, Air Astana, Nazarbayev University туралы пікір білдіріп, бұл нысандарды қазақстандық брендтер ретінде танығанын айтқан еді.

"Bolashak, мүмкін бірдеңе білмейтін және түсінбейтін шығармын, бірақ өз пікірімді айтамын. Бұл жобалар Қазақстанның қазіргі тарихындағы ең табысты және қажет ұлттық жобалардың бірі деп санаймын. Бұл жобалар қазақстандық брендтерге айналды және олармен мақтанудың орнына үнемі басып тастағымыз келеді", - дейді ол.

Экс-әкімнің сөзінше, Air Astana - посткеңестік кеңістіктегі үздік авиакомпания әрі Еуропа мен Азияның үздік компанияларының қатарына кіреді.

"Бұл - факт. Бағаға келетін болсақ, егер билетті алдын ала сатып алсаңыз, қалыпты баға. Еуропадағы билеттер бағасын Қазақстанмен салыстыру мүлдем дұрыс емес. Жүздеген миллион адам тұратын және қалалар арасындағы қашықтығы қысқа Еуропада авиакомпаниялар мен жолаушылар үшін ұшу әрқашан тиімді. Сондықтан бәсекелестік те жоғары. Қазақстанда шығын көп, қыс қатты суық және Еуропадағыдай бизнес-модель құру үшін халық жеткіліксіз. Әрине, әуе билеттерінің бағасы халық үшін қолжетімді, бірнеше компания арасында бәсекелестік болғанын қалаймын. Бірақ ішкі рейстерімізде бәрін үнемдейтін және ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, ескі ұшақтармен күдікті әуекомпаниялар ұшқанын қаламаймын", - дейді ол.

Сондай-ақ, экс-шенеунік Назарбаев университетін жемқорлық жоқ бірден-бір университет ретінде танып, Болашақ бағдарламасының мүмкіндіктерін атаған.

"Nazarbayev University - Орталық Азия өңіріндегі үздік ағылшын тілді университет және ғылыми-зерттеу орталығы әрі одан әрі даму әлеуеті де зор. Сонымен қатар, бұл Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық болмаған және жоқ университет. Онда қарапайым отбасылардан шыққан балалар өз білімдерімен, күштерімен түсіп, сапалы білім ала алады және әлемде танылған халықаралық дипломдар алады. "Болашақ" - ондаған мың қарапайым қазақстандыққа шетелде білім алуға және тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін тамаша жоба. Мен кездескен шетелдік ғалым, сарапшылар мен саясаткерлер "Болашақты" шетелде кадрлар даярлаудың үздік бағдарламаларының бірі деп атайды", - дейді ол.

Танымал сарапшы Олжас Құдайбергенов Әбдірахымовтың осы мәлімдемесіне қатысты жауап берген.

"Ғабидолла Әбдірахымовтың Эйр Астананы, Назарбаев университетін және Болашақты сынауға болмайтыны туралы жазбасын оқыдым. Пікір білдіргім келеді, өйткені айтатын тұстары бар. Болашақ - сөзсіз жақсы бағдарлама. Назарбаев университеті - өте жақсы университет, кем дегенде CSI-де сұранысқа ие мамандықтар бойынша бұл университеттің әлсіз түлегін әлі көрген жоқпын. Алайда екі "бірақ" бар. Біріншіден, университеттің атауы бір күні өзгертіледі деп үміттенемін. Екіншіден, онда академиялық бөлім жақсы жұмыс істейді. Академиялық емес бөлімдерде көптеген мәселе бар, әсіресе, қаржыға қатысты. Назарбаев зияткерлік мектебіне қатысты да осыны айтуға болады. Онда академиялық бөлім жақсы жұмыс істейді. Бұл бөлікке тиісуге болмайды. Эйр Астана да тамаша компания. Алайда халықтың Эйр Астанаға қояр талаптары жоқ. Бірақ Эйр Астанаға тиесілі компания иелік ететін Fly Arystan-ға халықтың қояр талабы бар. Fly Arystan-ды ешкім еуропалық компаниялармен салыстырып отырған жоқ. Бұл жерде Эйр Астанамен салыстырылып отыр. Содан кейін тағы бір нюанс бар. Ғабидолла Әбдірахымов маған жаман ештеңе жасаған жоқ. Бірақ ескі Қазақстанның жарқын өкілі бола отырып, оның өткен шақ туралы оң баға беруге моральдық құқығы жоқ", - дейді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова