- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сұрақтарын "бір жеріне"...
"Сұрақтарын "бір жеріне" тығып қойсын". Тікелей эфирде халықпен байланысқа шыққан әкімнің басы дауға қалды
Әлеуметтік желіде Щучинск әкімі қатысқан тікелей эфирдің видео үзіндісі қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірқатар БАҚ мәліметінше, Щучинск әкімі Олжас Нұрмағамбетов аудан әкімдігінің Instagram-парақшасынан тікелей эфирге шыққан. Ол жарты жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп берген.
"Баяндамасын оқып болған әкім тұрғындардың эфир барысында қойған сұрақтарына жауап бермей, жай ғана қош айтысқан. Сосын эфир аяқталды деп ұйғарған болу керек, ол мынадай пікір айтады: "Сұрақтарын ... (бір жеріне) тығып қойсын". Қай жерге екенін нақты жазбаймыз, бірақ суретін сала аламыз - (_._)", - делінген телеграм-арнада.
Желіде әкімнің жанындағы қыз эфирді өшіруге тырысып, жанталасқан видео үзінді тарады.
Әкім бұл жағдайға пікір білдіріп, қала тұрғындарына үндеу тастады.
"Құрметті Щучинск қаласының тұрғындары. Сіздерге, мен, Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов үн қатып тұрмын. 2 тамызда Бурабай ауданының әкімдігі тікелей эфир өткізіп, онда мен әкімдіктің 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы есеп бердім.
Тікелей эфир кезінде де, одан кейін де қала тұрғындары тарапына жағымсыз, оның ішінде балағат сөздер айтпағанымды хабарлаймын", - деп жауап берді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл ретте Бурабай ауданы әкімдігі де оқиғаға қатысты пікір білдірген.
"Щучинск қаласының әкімі Нұрмағамбетовтің халықпен есеп беру кездесуінде тұрғындардан сауалдар түскен жоқ. Тікелей эфирді жүргізген әкімдік қызметкері шенеунік әдепсіз сөздер айтпағанын түсіндірді", - дейді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.
Баспасөз қызметі мәліметінше, қала әкіміне қатысты қызметтік тексеріс басталған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан