"Әнші емеспін". Сақал қойған Рүстем Жүгінісов басқа жолды таңдады

"Әнші емеспін". Сақал қойған Рүстем Жүгінісов басқа жолды таңдады
Фото: zhugunussov/видео кадры

Әнші Рүстем Жүгінісов оқырмандарын қызықтырған сұраққа жауап берді. Ол қазір әнші емес екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рүстем Жүгінісов Instagram-да інісі "Мирас Жүгінісовпен фит жазу ойыңызда бар ма" деген сұраққа жауап берген. Жүгінісовтің айтуынша, оған мұндай сұрақ қойылмағалы біраз болған. 

"Күлейін бе, жылайын ба? Мұндай сұрақтар қоймағалы біраз болған еді, негізі. Сіздер білесіздер ме, мен ән айтпай, әнді тастағаныма екі жыл болғанын. Мына түріммен қалай мен Мираспен фит жазамын", - дейді Жүгінісов сақалын ұстап.

Ол басқа жолды таңдағанын айтады.

"Болды мен басқа жолды таңдадым. Мен әнші емеспін қазір, сондықтан да біліп жүріңіздер Мираспен фит жазбайтынымды", - дейді Жүгінісов.

@miras.mj Бұндай сұрақ қоймауларыңыздарды сұраймын:) #мирасжүгінісов#рустемжугунусов #мирасжугунусов ♬ оригинальный звук - MJ • друзья

Видеоға пікір қалдырған Желі қолданушылары оны танымай қалғанын айтқан. 

"Танымай қалдым", "Әнге қарсысыз ба қазір?", "Бұл кім? Қандай ән айтады?", "Рүстем сіз керемет әншісіз", - дейді қолданушылар. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан