Түркістан облысында жоғалған әйел 1 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдарды сатуға шыққан

Түркістан облысында жоғалған әйел 1 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдарды сатуға шыққан
Фото: видеодан алынған кадр

Түркістан облысындағы жоғалған әйелге қатысты жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның хабарына қарағанда, жоғалған Г.Наржігітованың туыстарынан сұрау барысында оның құны 1 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдарды сатуға шыққаны анықталды.

"Содан әйелдің 1 тәуліктен астам хабар-ошарсыз жоғалғаны күмән туғызды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-тергеу тобы құрылды", - делінген хабарламада.

Жоғалған әйелді іздеу шараларына облыс полицейлері жұмылдырылды. Оның ішінде Мақтаарал АПБ-ның барша жеке құрамы, көрші полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жеке құрамы бар.

"Егер сізде жоғалған 1985 ж.т. Гүлсім Нарджигитова туралы қандай да бір ақпарат болса, Мақтаарал АПБ-ға 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56 немесе 102 телефондары бойынша хабар беруіңізді сұраймыз. Бұл факті Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан