Астанада жеңіл көлік жолаушылар мінген автобусқа соғылды: жарақат алғандар бар

Астанада жеңіл көлік жолаушылар мінген автобусқа соғылды: жарақат алғандар бар
Фото: видеодан алынған кадр

Астанада жеңіл көлік жолаушылар мінген автобусқа соғылды, салдарынан 25 жастағы жүргізуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Апат болған жерден видео әлеуметтік желіде тарады.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 1 тамыз күні сағат 15:30-да болған.

"25 жастағы жүргізуші Lada автокөлігімен келе жатып, Yutong автобусымен соқтығысты.

Оқиға салдарынан Lada көлігінің жүргізушісі түрлі жарақат алып, қалалық ауруханаға жатқызылды, қалған зардап шеккендер тексерілгеннен кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді", - деп хабарлады полиция департаменті.

Бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан