- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауғанстанның бизнес-делегациясы Астанаға...
Ауғанстанның бизнес-делегациясы Астанаға келді
Ауғанстанның бизнес-делегациясы Астанаға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кеше Астанаға Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи бастаған 210 адамнан тұратын бизнес-делегация келді.
Делегацияны әуежайда ҚР премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин күтіп алды.
Қонақтар қатарында Ауғанстанның Орталық банкінің басшылары, ірі жеке меншік банктердің, "Да Афганистан Брешна Шеркат" (DABS) энергетикалық компаниясының, "Афган телеком" (AfTel) телекомуникациялық компаниясының, ауыл шаруашылығы өнімдері мен мал шаруашылығы палатасының, сауда-инвестициялық палатасының, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, өнеркәсіп, көлік-логистика, инженерлік, тоқыма және басқа компаниялардың өкілдері бар.
2 тамызда Қазақстан және Ауғанстан компанияларының презентациялары, B2B келіссөздері өтеді. 3 тамызда бизнес-форум жұмысын бастайды, ал 4 тамызда елорда тұрғындары мен қонақтарына ауған тауарларының көрмесі (EXPO, Конгресс-орталық) ашылады. Көрмеде Ауғанстаннан түрлі азық-түлік, мыс ыдыстар, мәрмәр, кілемдер, зергерлік бұйымдар және басқа да көптеген тауарлары ұсынылады.
Өнеркәсіп және сауда Талибанның* ресми өкілі Забиулла Муджахид Twitter-парақшасында Астанаға сапары туралы жазба қалдырды.
twitter.com/Zabehulah_M33
Талибан* - Қазақстанда тыйым салынған радикал діни-саяси қозғалыс.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек