Ақкенттегі өрт: Аман қалған жігіт оқиға қалай болғанын айтты

Ақкенттегі өрт: Аман қалған жігіт оқиға қалай болғанын айтты
Фото: Massaget.kz

Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. 

"Шамамен бестерде өрт төменгі бесінші қабаттан басталды. Мен жетінші қабатта тұрамын. Басында дымқыл орамал жауып, ішінде отырдық. Тілеужан деген кісіге алғыс айтамын. Өрт, полиция қызметкерлерінің жұмысының арқасында аман есен алып шықты. 

Ешқандай ой да болған жоқ. Тұрғындарды сабырға шақырып тұрды. Өрт қызметкерлері де жедел әрекет етті", - дейді Дидар. 

Еске салайық, бүгін Алматыдағы Ақкент тұрғын үйінде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина