Адамдар терезеден секірді: Ақкенттегі жағдай қандай?

Адамдар терезеден секірді: Ақкенттегі жағдай қандай?
Фото: Massaget.kz

Бүгін Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйден өрт шықты. Адамдар терезеден секіруіне тура келген. Massaget.kz тілшісі оқиға орнынан фоторепортаж жасады.


Оқиға орнында газ апатына қарсы қызмет пен полиция, өрт сөндіретін көліктер тұр. 

Бұл - өрт шыққан үй. 

Үйдің айналасында адамдар өте көп. Олар орындықтарда, көгалда отыр.

Өрт сөндіру қызметінің штабы. 

Тұрғындардың бәрі сыртқа эвакуацияланған.

Суреттер: Massaget.kz 

Өртенген тұрғын үй. 

Еске салайық, бүгін Алматыдағы Ақкент тұрғын үйінде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.

Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол - өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасы, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина