"Шетелде байлар секілді өмір сүргісі келеді". Қазақстанда жыныстық құлдыққа кімдер түсіп жатыр?

"Шетелде байлар секілді өмір сүргісі келеді". Қазақстанда жыныстық құлдыққа кімдер түсіп жатыр?
Фото: elements.envato.com

"Сана-сезім" әйелдер бастамалары құқықтық орталығының өкілі жыныстық құлдық пен еңбек құлдығына тап болатын қазақстандықтардың портретін сипаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде "Сана-сезім" директоры Шахноза Хасанова қыздар, оның ішінде кәмелетке толмағандар жыныстық құлдыққа жиі түсетінін айтты.

"Адам саудасынан зардап шеккендер, құрбандар - осал жағдайдағы қыздар. Балалар үйінің түлектері, толық емес отбасылардан шыққан қыздар, отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген қыздар.

Олар өте осал, сондықтан саудагерлердің немесе қанаушылардың құрығына оңай түседі. Өмірдегі қиын жағдайлардан құтылу, өмір сапасын жақсарту үшін немесе айталық, қыздар шетелде әдемі өмір сүргісі келеді. Міне, олар осылай алданып қалады", - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, еңбек құлдығына қатысты да қалыптасқан портрет бар.

"Олар - әдетте 18 бен 50 жас аралығындағы ер адамдар. Шамамен 80 пайызы - өз елдерінде қиын экономикалық жағдайға тап болған немесе ақша тауып қана қоймай, экономикалық жағдайын жақсартқысы келетін шетелдік азаматтар. Сонымен қатар, олардың белгілі бір себептер бар: балаларын оқыту, болашақта жұмысқа орналастыру және т.б.", - деп қорытындылады Хасанова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова