"Мінез бар". Жеңіліп қалғаны үшін төрешімен төбелесіп кеткен кішкентай бала Қазнетті сүйсінтті

"Мінез бар". Жеңіліп қалғаны үшін төрешімен төбелесіп кеткен кішкентай бала Қазнетті сүйсінтті
Фото: видео кадры

Жеңіліп қалғаны үшін ашуланған кішкентай бала Қазнетті сүйсінтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео TikTok-та тарады. Көк формадағы кішкентай бала қызыл формадағы қарсыласынан жеңіліп қалғаннан кейін ашуланып, оны құлатпақ болады. 

"16 келі, кішкентай жолбарыс", - дейді видео авторы. 

@aidarbekov_02 16 кг маленький тигр ☝?? #on #вольнаяборьба #рекомендации #? ♬ оригинальный звук - Dias

Бүгінде видео 5 миллионға жуық қаралым жинаған. 265 мыңға жуық лайк басылып, 5700 пікір жазылған. 

"Ерді намыс өлтіреді"

"Жігіт емес нағыз еркек өсіп келе жатыр"

"Қазақ деген осы арыстан ғой, жаным, балапан, жарайсың"

"Намысшыл екен бала. Еркек намысты болса еліміз ұлтшыл, діншіл болар еді"

"Мінез бар", - дейді Желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина