- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сиқырмен байланысты". Тарихшы...
"Сиқырмен байланысты". Тарихшы беташардың мағынасын түсіндірді
Белгілі тарихшы, жазушы, Ұлы дала мәдениетінің насихаттаушысы Арман Нұрмұханбетов беташардың мағынасы неде екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Нұрмұханбетов Dope Soz YouTube-подкасында айтты.
"Келін өзінің руынан ұзатылып кеткенде ол (тұрмысқа шыққан қыз-еск.) өз руы үшін өлген деп саналады. Оның бетін ашатын жай адам емес. Неге келіннің бетін ақын ашады? Ақын көне заманда магикалық қызметкер деп саналған. Ақын - тегін адам емес, ақында қасиет болған. Қасиеттің өзі ерекше рухани құбылыс. Қай дәстүрді алсақ та әрқайсы сиқырмен байланысты", - дейді Арман Нұрмұханбетов.
Еске салайық, бұған дейін этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты Досымбек Қатранұлы тұсау кесу дәстүрі қалай өтуі керегін түсіндіріп берген болатын. Этнограф тұсаукесер рәсімінің ерекшеліктеріне тоқталып, заман талабына сай дәстүрдің өзгерген тұстарына талдау жасады. Оның айтуынша, тұсауды "бай, тоқ болсын" деп малдың тоқ ішегінен өрген немесе "көбейіп, көгере берсін" деп көк шөптен де есіп жасаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина