Мемлекет балабақшада жоқ бала үшін ақша төлеген

Мемлекет балабақшада жоқ бала үшін ақша төлеген
Фото: Автордан

Қызылордадағы балабақшаларға дейін ауадан ақша жасап отыр. Жоқ баланы бар қылып көрсетіп, бюджеттің бүйірін тесуге бейім, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Республикалық "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің арызына сәйкес мамыр, маусым айларында облыстағы 160-тан астам балабақшада зерделеу жұмысы жүргізілді. Соның 27 процентінде бала саны артық көрсетілген.

"Бір ғана мысал, Жалағаш ауданының Аққыр ауылындағы бөбекжайда 20 баланың мемлекеттік тапсырысы тоқтады" - деді қоғамдық бірлестік өкілі Ләззат Бақтыбаева.


Одан бөлек, ғимараттың екінші қабатын дүкен мен үйге айналдырып алған жағдайлар бар. Ал бала санын көбейтіп көрсету - балабақшалардың басым бөлігіне тән кемшілік болып отыр.

Назерке Саниязова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы