"Негізі қазақ қой". Домбырамен ән салған Джеки Чан Желідегілерді елжіретті

"Негізі қазақ қой". Домбырамен ән салған Джеки Чан Желідегілерді елжіретті
Фото: Видео кадры

Танымал қытайлық актер Джеки Чан домбыраның сүйемелдеуімен ән шырқады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Instagram-парақшаларда тарады. 

Еске салайық, бұған дейін Джеки Чан ҚХР-ның Іле Қазақ автономдық округіне фильмге түсу үшін барғанын хабарлаған едік. Сол кезде этникалық қазақтар актерге шапан жауып, жылқы сыйлаған еді. Бұдан басқа, оған әнші Димаш Құдайберген шапан мен домбыра сыйлаған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??© ZTB QAZAQSTAN 2023 (@ztb_media)

Желі қолданушылары домбырамен ән салған аңызға түрлі пікір қалдырған. 

"Өзінің туып өсен жері сияқты отыр ғой", "Тойға шақыру қанша болады екен?", "Нағыз қазақ қазақ емес, Нағыз қазақ - Джеки Чан", "Жекежан ағамыз ғой", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек