"17 жасымда кезіктірдім". Қыран Талапбектің қазіргі әйелі бірінші некесі жайлы ағынан жарылды

"17 жасымда кезіктірдім". Қыран Талапбектің қазіргі әйелі бірінші некесі жайлы ағынан жарылды
Фото: instagram.com/gulzada_tl/

Қыран Талапбектің қазіргі әйелі, актриса Гүлзада Тұрлаш Soul üşın бағдарламасында бұрынғы некесі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гүлзира Тұрлаш бұрынғы күйеуіне бақыт тілеп, ол туралы жасырмай айтып берді.

"Халықтың алдында жүргеннен кейін ондай дүние айтылуы керек. Оны жасырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Иә, мен 16 жасымда сериалға түсе бастадым. 17 жасымда бұрынғы күйеуімді кезіктірдім. Кейін тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Ата-анам қазақи, қатал тәрбиемен өсірді. Анам "Алғаш білегіңді ұстаған жігітке тұрмысқа шығуың керек. Кездесу деген нәрсе болмайды" дейтін. Тіпті кешкі сағат 6-7-ге дейін ғана жіберетін. Жанымда үнемі ағаларым жүретін. Туған күн болса, құрбыларыммен қыдырсам, әкем мені есік алдында күтіп отыратын. Осындай қаталдықта өстім. Мүмкін, соның әсері болар, алғаш кездестіріп, жақын сөйлескен жігітке тұрмысқа шықтым. Меніңше, бір адаммен бір минут жақсы уақыт өткізсең де, ол туралы жаман нәрсе айту дұрыс емес. Сол себепті біреуді балағаттағым келмейді. Мен де, ол да жас болдық. Екеуіміз де көп қателік жібердік. Ол адамға тек бақыт тілеймін. Ол өткен өмір. Оны қайта ашып, себебін ақтарғым келмейді. Бәрі бұйрықпен, Алланың қалауымен болады", - деді ол.  
 

Еске салайық, жақында танымал мобилограф Қыран Талапбек екінші рет үйленген болатын. Жары Гүлзада Тұрлаш - актриса, "Қазақ Аруы" сериалында басты рөлде ойнаған.

Қыран Талапбек бұған дейін әнші Жанар Айжанованың қызы, блогер Айжұлдыз Адайбековамен үйленіп, көп уақыт өтпей, ажырасып кеткен болатын.  

Ал Гүлзада Тұрлаштың сөзінше, Қыран үшінші кездесуде үйленуге ұсыныс жасаған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан