"Бетінен сүйген". Ақтауда ер адам ойын алаңындағы кішкентай қыздарға тиіскен

"Бетінен сүйген". Ақтауда ер адам ойын алаңындағы кішкентай қыздарға тиіскен
Фото: tengrinews.kz

Балалар ойын алаңында ер адам кішкентай қыздарға тиісіп, бірінің бетінен сүйіп, шоколад сатып алып беретінін айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көпқабатты үйдің кіреберісіне жиналған тұрғындардың жан айқайы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Видео авторының айтуынша, полицей келіп, күдіктіні ұстаған. 

"Ер адам ойын алаңында ойнап жүрген кішкентай қыздарға тиіскен. Мас адамға ұқсайды. Қыздар қорқып қалған. Ол қыздың қолынан ұстаған. Тағы бір қыздың айтуынша, бетінен сүйіп, егер онымен барса, шоколад алып беретіндігін айтқан. Зардап шеккендер 26-9 мекенжайына келіңіздер, арыз жазу керек, бұлай қалдыруға болмайды", - дейді видео авторы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек