- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ауылда Токио деген...
"Ауылда Токио деген кафе бар еді, Мусин соны айтқан шығар". Министрдің сөзі Қазнетте хит болды
25 шілдеде цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарды интернетті үнемдеуге шақырған болатын. Министрдің мәлімдемесі Қазнетте қызу талқыға түсіп, түрлі мемдер пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Бағдат Мусиннің мәлімдемесіне ашуланды.
"Суды үнемдейік, тоқты үнемдейік оған келісемін. Бірақ, почти жоқ интернеттің несін үнемдейміз?! Бір жылдары Қазақстанның елді мекендерінде 99 пайыз интернетке қосылған деп өтірік есепті естіген едік. Бүгін міне, цифрлық даму және инновациялар аэроғарыш өнеркәсібі министрі ХАЛЫҚТЫҢ уәжіне "интернетті үнемдеу" керек деп отыр. Мәселе интернеттен бұрын, оның жылдамдығында!!!", - дейді депутат.
Shalmustbgone Instagram-парақшасында Мусиннің интернетті су секілді үнемдеп жұмсау керек деген сөзі мемге айналған.
PR-кеңесші, сценарист Ринат Балғабаев "оқырмандарының интернет трафигін үнемдеу үшін күні бойы ештеңе жазбағанын" айтады.
Үнемдеуден бөлек, министр Мусин Интернет жылдамдығы бойынша Токионы басып озғанымызды айтқан болатын.
"Бағдат Мусин қазақстандықтарды интернетті үнемдеуге шақырды. Болды, қалған ақпаратты көгершін поштасы арқылы жіберемін", - дейді шоумен Антон Зыкин.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Министр Бағдат Мусиннің интернет сапасы туралы сөзінен кейін желіде түрлі мем тарады.
Фото: instagram.com/tanda.bilim
Фото: instagram.com/tanda.bilim
Фото: instagram.com/tanda.bilim
Фото: instagram.com/tanda.bilim
Мәди Сырымбет атты Facebook-қолданушысы Мусиннің интернет сапасы бойынша "Токионы басып озуымызға" қатысты әзілдеген.
Еске салайық, бұған дейін Президент Тоқаев Астанадағы Интернет сапасы туралы айтқан болатын. Мемлекет басшысы қазіргі цифрлық өркениет пен білім экономикасы жағдайында адамның, әсіресе қала тұрғынының басты қажеттіліктерінің бірі - Интернеттің қолжетімділігі екенін атап өткен еді.
"Біз барлық жерде Астананы ақылды қала және аймақтық IT хаб ретінде жариялаймыз, бұл автоматты түрде негізгі цифрлық инфрақұрылымның жоғары сапасын білдіреді. Дегенмен, елордадағы Интернет пен ұялы байланыстың тұрақтылығы көңіл көншітпейді", - деді Тоқаев Астананы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте.
Президент бұл тұрғындарға жайсыздық әкеліп қана қоймай, қала экономикасына елеулі зиян келтіреді, елорда қонақтарына өте жағымсыз әсер қалдыратынын атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина