Астанада екпе алмаған балалар қызылша жұқтырып жатыр

Астанада екпе алмаған балалар қызылша жұқтырып жатыр
Фото: elements.envato.com

Елімізде қызылша жұқтырған балалардың дені екпе алмаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шенеунік қызылша індетінің тарауы көптеген мемлекетте байқалып отырғанын атап өтті. Мұның ішінде қазақстандықтар да бар.

"Биыл 2 мыңға тарта бала қызылша жұқтырды. Олардың көбісі тиісті екпе салдырмаған балалар, сырттан алып келгендері де жетерлік. Қазір балалар ата-аналарымен бірге алыс-жақын шетелдерге шығып келіп жатыр. Аурудың алдын алу үшін қызылшаға қарсы екпе алмаған балалардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз", - деді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар ол жұқпалы дерттің қай мемлекеттерден келіп жатқанын да атап өтті.

"Жылдың басында қызылша жұқтыру Түркия мен Ресейден келгендерден тіркелді. Кейін оның тарау қарқыны арта бастады. Әсіресе, астаналық балалар көбірек ауыруда", - деді министр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек