4 метр құдыққа құлап кеткен әжей аман қалды

4 метр құдыққа құлап кеткен әжей аман қалды
Фото: elitar.kz

Қызылордада 76 жастағы зейнеткер тереңдігі 4 метрге жететін құдыққа құлап кеткен. Құтқарушылар әжейді аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі elitar.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға бүгін 25 шілдеде таңғы уақытта Қазалы ауданында болған. Бұл туралы 112 құтқару қызметіне таңғы сағат 7:00 шамасында хабар келіп түскен.

1947 жылғы үй иесі ауласындағы тереңдігі 4 метрлік ауыз суға арналған құдыққа ағаш саты арқылы түскен. Онда су сорғысын алу кезінде саты сынып кетіп, құлап кеткен. Мамандар тұрғынды саты және құтқару арқанының көмегімен сыртқа алып шыққан. Қарт тұрғын жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек