Алимент өндіру үшін не істеу керек? Заңгер кеңесі

Алимент өндіру үшін не істеу керек? Заңгер кеңесі
Фото: bankist.ru

Заңгер Мұхамедияр Дүйсенғали алимент өндіру бойынша қазақстандықтар жиі қоятын сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңгердің айтуынша, "алиментті қалай өндіруге болады" деген сұрақ жиі қойылатын сұрақтардың бірі. Ол алиментке беру қиын емес екенін айтты. 

"Біріншіден, күйеуіңіздің тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық сотқа талап-арыз жазасыз. Алимент өндіру туралы", - дейді заңгер.

Мұхамедияр Дүйсенғалидің айтуынша, бұл жерде ескере кететін мәселе бар. Егер некені бұзып жатқан болсаңыз, оның толық бұзылғанын күтпей-ақ арыз бере беуге мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, тіркелетін қосымша құжаттар бар екені айтылды. Олар:

  • неке куәлігі;
  • баланың туу туралы куәлігі;
  • баланың денсаулығы жақсы деген анықтама.

"Құжаттарыңыз толық болып, барлығын дұрыс жасасаңыз алимент өндіру шешімі тез, 3 жұмыс күн ішінде дайын болады. Бұйрық шыққан соң, оны сот орындаушылар палатасына жіберу туралы арыз жазасыз немесе сот хатшысына хабарласасыз. Олардың өздері де жіберулері мүмкін", - деп түйіндеді заңгер сөзін.

Сондай-ақ, office.sud.kz сайтына ЭЦП арқылы тіркеліп, сотқа арыз беруге болатыны айтылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мухамедияр Дуйсенгали (@zanger_mukhamediar)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан