БҚО-да жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

БҚО-да жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 20 шілдеде сағат шамамен 22:45-те "Самара-Шымкент" тас жолының 415-шақырымында болған. 1984 жылғы жүргізуші "Ниссан Тиана" маркалы автокөлігін айдап келе жатып, жолға шыққан жылқы үйіріне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан 1983 жылғы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен жолаушы Ақтөбе облысының тұрғындары.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Жол қозғалысы ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта малды қараусыз қалдырғаны үшін иесі іздестіріліп жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан