Қызылордада екі ұры қылмыс үстінде ұсталып қалды

Қызылордада екі ұры қылмыс үстінде ұсталып қалды
Фото: видео кадры

Қызылордада екі ұры қылмыс үстінде ұсталып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі жергілікті Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы "Ниссан" маркалы автокөлігіне ұрлық жасауға әрекеттенген екі күдіктіні қолға түсірді.

Екі күдікті көпқабатты үйдің ауласында тұрған автокөліктің артқы есігінің ашық қалғанын пайдаланып, көлік ішінен жеке мүліктерді ұрламақшы болған жерінен оқиға орнында ұсталды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (ұрлыққа әрекет) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина