"Екі аяғын басып қалған". Жетісу облысында КамАЗ аударылып қалған

Сарыөзек-Көктал тасжолында жүк көлігі бұзылып, жүргізушінің екі аяғын басып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inAlmaty.kz. сайтына сілтеме жасап.

Видеодан сынған жүк көлігін және жараланған адамдарды көруге болады. "Бұл соңғы айдағы бесінші жол-көлік оқиғасы" - дейді видео авторы.

"Оқиға Сарыөзек-Көктал тасжолының 54-шақырымында болған. Тежегіш жүйесінің қызып кетуі салдарынан HOWO жүк көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рульді тізгіндей алмай, жанындағы 45 жастағы жолаушымен жүк көлігінен секіріп, түрлі дене жарақатын алғаны анықталды. Екі ер адам да аудандық ауруханаға жатқызылды", - деді Жетісу облысының полиция департаменті өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!