ҰҚК операциясы: мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығарғандар ұсталды

ҰҚК операциясы: мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығарғандар ұсталды
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция жасап, қазақстандық мұнай өнімдерін шетелге заңсыз, оның ішінде теңіз арқылы шығарғандардың жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Комитет мұны "А" арнаулы мақсаттағы қызметімен сондай-ақ Түркістан облысының прокуратурасымен өзара әрекеттесе отырып жүргізген.

Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан