- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өлуге дайын болғанмын"....
"Өлуге дайын болғанмын". Алматыда ер адам бұрғының көмегімен басына ота жасаған
Алматыда ер адам миына чип орнатқан. Ол мұны үйінде кәдімгі бұрғы және басқа құралдар көмегімен өзі жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Baza Telegram-арнасы жазды. Ер адам Алматыға Жаңасібірден жақында көшіп келгені айтылған.
Ол YouTube-тан нейрохирургтердің жұмысы туралы бейнероликтерді сағаттап зерттеп, тіпті бес қойға тәжірибе жасап көрген. Кейін ер адам құрылыс дүкенінен бұрғы сатып алып, ойын іске асырған. Ол басын бұрғылап, терісін қағаз қыстырғыштармен бекітіп, миына электродты енгізген. Ер адамның айтуынша, операция кезінде хирургиялық тәжірибенің жоқтығынан бір литрге жуық қан жоғалтып, ғажайып түрде аман қалған.
"Тірі қалғаныма қуандым, бірақ өлуге дайын болғанмын", - деп келтірді Telegram-арна ер адамның сөзін.
Ер адам мұның бәрін бір мақсатпен жасаған: ол электрод мидың қозғалтқыш қыртысын ынталандыру арқылы оған түстерді басқаруға көмектесетініне сенімді. Ол бұл тақырыпты ұзақ уақыт зерттеп жүргенін және бір жарым жылдан бері имплант орнату үшін нейрохирургтерге жүгінуді жоспарлағанын, бірақ "қылмыстық тәуекелдер мен басқа да белгілі жағдайларға" байланысты бәрі сәтсіз аяқталғанын айтады.
Оксфорд университетінің кеңесшісі нейрохирург Алекс Грин операция туралы естіп - ер адам операция кезінде өліп немесе инсульт алуы, енді эпилепсияға шалдығу қаупі болуы мүмкін екенін айтқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан