Павлодар - Семей автожолында көлік аударылып, төрт бала зардап шекті

Павлодар - Семей автожолында көлік аударылып, төрт бала зардап шекті
Фото: Tengrinews.kz

Павлодар-Семей автожолында көлік аударылып, салдарынан бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар - Семей тас жолындағы Жертұмсық және Қаратоғай ауылдарының ортасында жол апаты болды. Жол апаты салдарынан 35 жастағы ер адам және 4 пен 7 жас аралығындағы төрт бала зардап шекті. Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір жарақат алған балалар ауруханада ем алып жатыр. 

"Жол апаты жайлы хабар 17:45-те түсті. Оқиға орнына қызметкерлеріміз 9 минутта жетті. Ер адам ауруханаға жатудан бас тартты. Жарақат алған төрт бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", – деп хабарлады жедел жәрдем станциясы.

Апат болған жерде үш жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан