- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысы ТЖД...
Жетісу облысы ТЖД бастығы Бауыржан Ізбасаров әшкереленді
Фото:
ТЖМ
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Ізбасаров әшкереленді. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бауыржан Ізбасаровтың пара алғаны әшкереленді. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Бауыржан Ізбасаров Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы лауазымына 2022 жылғы тамызда тағайындалған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек