Салмағы 6 келіден асады. Оралда алып бала дүниеге келді

Салмағы 6 келіден асады. Оралда алып бала дүниеге келді
Фото: pixabay

Оралда салмағы 6 келі болатын алып сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Сәбидің салмағы - 6 келі 170 грамм, ал бойы - 63 сантиметр. Қалалық көпсалалы аурухана дәрігерлері босанудың табиғи болғанын айтты. Қазір әйел мен баланың жағдайы жақсы.

Сәби - отбасындағы үшінші бала. Алғашқы екеуі 4 және 5 келі салмақпен дүниеге келген. Жаңа туған нәрестеге үшінші өлшемдегі жаялықтар қажет. 

"Өз бетімен босанды, жағдайы тұрақты, баланы да, анасын да ертең шығарамыз деп жоспарладық. Босануға екі акушер-гинеколог, неонатологтар бригадасы қатысты, яғни онымен бөлімнің барлық қызметкері жұмыс істеді", - деді Орал қаласы көпсалалы аурухананың гинеколог дәрігері Тимур Мұхамедияров. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек