- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда ауыл әкімі...
Павлодарда ауыл әкімі кәсіпкерді соққыға жықты
Павлодар қаласына қарасты Павлодарское ауылының әкімі Сырым Рушанов, өзге ауданда тұратын бір кәсіпкерді соққыға жыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Кереку мейрамханаларының бірінде болған. Той аяқталар сәтте әкім мен кәсіпкер дәретхананың ішінде сөзге келіп қалады. Сол жерде қарсыласынан жас әрі ұзақ жыл құқық қорғау саласында қызмет атқарған шенеунік Айтуған Бекмұхамбетовті ұрып тастайды.
"Ол жерде мен тойдың шырқын бұзғым келмей ешкімге шағымданбадым. Ауылға қайтып бара жатқанда жағдайым нашарлап ауырдым. Сосын Железин аудандық ауруханасына бардым. Олар сол жерде полиция шақыртты. Полицияға мен бәрін айтып бердім", - дейді жәбірленуші Айтуған Бекмұхамбетов.
Бүгін Павлодар қаласының ауданаралық әкімшілік сотында әкімнің дөрекі әрекетіне қатысты сот басталды.
Е.Базарқұл
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы