Есегін зорлаған ер адам үш тәулікке қамауға алынды

Есегін зорлаған ер адам үш тәулікке қамауға алынды
Фото: Көрнекі сурет Tengrinews.kz

Қарақалпақстанның Еллікала облысының тұрғыны 2 шілдеге қараған түні есегін ағашқа байлап, онымен жыныстық қажеттілігін қанағаттандырған. Бұл процесті ер адамның танысы көрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап. 

Бұл туралы ақпарат зорлық-зомбылыққа қарсы Nemolchi.Uz парақшасында пайда болды. 

7 шілдеде сот ер адамды Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 111-бабының 1-бөлігі бойынша жануарларға қатыгездік жасағаны үшін және 183-бабы бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 тәулікке қамауға алды.

Басқа елдерде мұндай әрекетке қандай жаза қарастырылған?

  • Германия - үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 25 мың еуро айыппұл төлеу;
  • Біріккен Корольдік - бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 5000 фунт стерлинг айыппұл;
  • Италия - үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 3-16 мың еуро көлемінде айыппұл төлейді. 

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар Қылмыстық кодекстің 316-бабы (Жануарларға қатыгездiкпен қарау) бойынша жазаланады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек