"Не деген ұятсыз би". Тағы бір тойдағы үлкен апаның биі Қазнетті шулатты

"Не деген ұятсыз би". Тағы бір тойдағы үлкен апаның биі Қазнетті шулатты
Фото: Видеодан скрин

Үлкен апаның бір аяқта тұрып тойда билеген бейнежазбасы "Қазнет" қолданушыларының қызу талқысына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Бейнежазбадан егде жастағы ер адам мен әйел адамның тойда билеп жарысып жатқанын аңғаруға болады. Орамалмен, ұзын көйлекпен, кроссовкамен билеген апаның биі көпшіліктің назарын аудартқан. Желі қолданушылары әйел адамның бұл әрекетін "әдепсіз" деп санады. 

Пікір алаңында: "Аяғына заманауи  кроссовка кигесін орамал тақпағаны жөн еді", "Апашка жас кезінде дискотекадан кетпеген сияқты", "Не деген ұятсыз би", "Әдемі би", "Бұл биді тоқтатыңдар", "Сұмдық қой мынау", "Заманауи апа" деген секілді түрлі пікірлер айтылды.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов