9 адам тірідей өртеніп кетті: Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болды

9 адам тірідей өртеніп кетті: Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: Видео кадры

Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Желіде жантүршігерлік оқиғаға қатысты аудио тарад. 

"9 адам жанып кетті. Жолда байқап жүріңдер. Асықпаңдар. Ішінде 9 адам жанып, өртеніп кетті", - делінген аудиода. 

Фото: Tengrinews.kz куәгерлерінен

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 17 шілдеде сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты болғаны туралы хабарлама түсті. Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тасжолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктерінің соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан көлік құралдары өртенген.


Фото: Tengrinews.kz куәгерлерінен

Нәтижесінде 9 адам қаза болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

"Оқиға орнына бірден Түркістан облысы ПД басшылығы барды. Қазір ЖКО бойынша Бәйдібек АПБ полицейлері жұмыс істеп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді", - деді Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек