"Әйелін қызғанған". Ер адам досын аяусыз ұрып өлтірген

"Әйелін қызғанған". Ер адам досын аяусыз ұрып өлтірген
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Өзбекстанда жантүршігерлік оқиға болды. Ер адам әйелін қызғанғаннан досын аяусыз ұрып өлтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап. 

Бешарық аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Даңғара ауданының 30 жастағы тұрғыны әйелін досымен қарым-қатынаста болды деп күдіктеніп, оны жылыжайға әңгімелесуге шақырған. Сол жерде туындаған жанжал кезінде күйеуі досының басынан ұрып, жәбірленушіге ауыр дене жарақатын салған. Ауруханаға жеткізілген ер адам көп ұзамай көз жұмды.

Сотталушының айтуынша, ол әйелімен біраз уақыт араздасып жүрген. Бір күні ол баласын көруге үйіне келгенде, әйелінің телефонынан махаббат хатын тауып алады. Әйелінің досының нөмірін "қожайыным" деген атпен сақтағанына ер адам да ашуланған. Кейін ол досымен сөйлесуді шешкен. 

Сот оны Қылмыстық кодекстің 104-бабының 3-бөлігінің "е" тармағымен кінәлі деп танып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек