"Аға, абайлап жүріңізші". Желіде жүргізушіге жолдың нашар екенін ескерткен бала жұртты елжіретті

"Аға, абайлап жүріңізші". Желіде жүргізушіге жолдың нашар екенін ескерткен бала жұртты елжіретті
Фото: kris.p.karasai/видео кадры

Желі қолданушыларын кішкентай баланың видеосы елжіретті. Ол жолда келе жатқан көлікті тоқтатып, жүргізушіге жолдың жаман екенін ескертеді және ақырын жүруді өтінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі пабликте жарияланды. Оны көлік жүргізушісі түсіріп алған. Кадрлардан жол бойында тұрған бала қолын көтеріп көлікті тоқтатып тұрғанын көруге болады. Мұны байқаған жүргізуші тоқтап, баладан қайда баратынын сұрайды.

"Аға, еш жаққа мені апрмай-ақ қойыңыз, сізге айтатын бір өтінішім бар. Осы жолмен ақырын жүріңізші, отбасыңызды аман-сау апарыңызшы. Осы жолдан кейбір адамдар, машинамен қатты жүріп келе жатып, секіріп-секіріп, ұшып құлап түскен болатын, авария болып. Сол, абайлап жүріңізші", - дейді бала (сөзі өзгеріссіз жазылған). 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris.p.karasai (@kris.p.karasai)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан