- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әкімнің ЭЦҚ кілті...
Әкімнің ЭЦҚ кілті арқылы мемлекеттен миллиондаған ақша жымқырылған
Ақсай ауылдық округі әкімдігінің қызметкері әкімнің ЭЦҚ кілті арқылы бюджеттен миллиондап ақша жымқырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Ақтөбе облысы Темір ауданында Ақсай ауылдық округі әкімдігінің бас маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталған.
Қызметі бойынша оның екінші қол қоюға құқығы бар болғаны белгілі болды. "Диапазон" мәліметінше, шенеунікте ауылдық округ әкімінің ЭЦҚ кілті болған. Ол 2020 жылдың сәуірінен 2022 жылдың желтоқсанына дейін әкімнің ЭЦҚ-сы арқылы бюджет ақшасын ұрлаған.
Шенеунік мемлекетке 14 миллион теңгеден аса шығын келтірген, делінген айыптау қорытындысы бойынша. Оның 3 миллионы ауыл әкімдігі қызметкерлерінің іссапар ақысы мен жалақысын төлеуге арналған. Ол бюджеттің тағы бір бөлігін серіктестіктер және жеке кәсіпкерлермен заңсыз келісім-шарт жасасып, миллиондаған табысқа кенелген. Соңында алаяқтық жасағаны туралы айып тағылған.
Темір аудандық соты оны 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарып, ұрланған миллиондарды мемлекетке қайтаруға міндеттелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан