"Киімсіз денесін көрдім". Түркістан облысындағы қыздың өліміне қатысты жаңа дерек шықты

"Киімсіз денесін көрдім". Түркістан облысындағы қыздың өліміне қатысты жаңа дерек шықты
Фото: Tengrinews.kz

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында кәмелетке толмаған қыздың өліміне қатысты қыздың туыстары шулы мәлімдеме жасады. Жәбірленушінің отбасы айуандық жасаған күдіктінің сыбайластары болған деп есептейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz тілшісі қайғылы оқиға болған Жібек жолы ауылына барып, марқұм болған бес жасар қыздың туыстарымен кездесті.

Оқиғаның біраз жайын қыздың ағасы Ерғали Ережепов айтып берді. Оның айтуынша, кішкентай қарындасы аса қатыгездікпен өлтірілген. Баланың денесі көгерген және кесілген. Отбасы ауыр қылмыс жасаған күдіктінің сыбайластары бар дейді.

"Оның денесі көгерген, әсіресе беті көгерген. Оған қоса, пышақ жарақаттары да бар. Оған қатыгездік танытқандар қарындасым айқайламау үшін пышақ сұққан сияқты. Балаға қалай осылай әрекет еткенін әлі түсіне алар емеспін. Біз қатысы барлар қатаң жазаланып, іс әділ тергелгенін қалаймыз", - дейді марқұм қыздың ағасы Ерғали Ережепов.

Оның айтуынша, қарындасы 13 шілдеде, күндізгі бірде жоғалып кеткен. Оның жоғалып кеткенін білген анасы дереу полицияға арыз жазып хабарласқан. Сәбиді іздеуге Жібек жолы ауылының тұрғындары қосылған. Елді дүрліктірген қылмысқа қатысты күдіктіні ауылдастары анықтады. Қыздың денесі күдіктінің үйінен табылған.

"Біз оны бүкіл ауылмен іздедік. Бейнебақылау камераларынан түсірілген жазбаларды қарап, қыздың алысқа бармағанын, үйінен 10 метрдей жерде болғанын байқадық. Сосын күдіктінің үйіне барып, сол жерден оның көйлегін таптық. Бұған дейін үш рет бардық, бірақ ерекше ештеңе таппадық. Үшінші рет оның үйін тінтуді бастадық. Содан бір кезде қораның төбесіндегі шиферді байқадым. Досым екеуміз төбеге шығып, қыздың киімсіз денесін көрдім", - деді Жібек жолы ауылының тұрғыны Ержан Ахметов.

Күдіктінің үйі. Tengrinews.kz

Оқиға орнында тергеу тобы жұмысын жалғастырып жатыр. Полицейлердің мәліметінше, күдікті 48 жастағы рецидивист. Ол бұрын адам өлтіргені үшін сотталып, 10 жыл түрмеде отырған.

"Кәмелетке толмаған қызды өлтіру дерегі бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды, ол қазір кінәсін мойындады", -деді Түркістан облысының ТЖД Есенғали Бейсебаев.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз ауыл тұрғынының үйінен өлі табылғаны хабарланған еді. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі назарына алғанын айтып, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған. Кейін ол ауыл тұрғындарының бірінің үйінен табылды.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Кейін Желіде ауыл тұрғындары күдіктіні полицейлерден босатып алмақ болды деген ақпарат тарады. Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілдері бұған қатысты пікір білдірді. 

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті бұрын істі болған. 

"Күдікті Г. бұрын адам өлтіргені үшін 2006 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталды.

2023 жылғы мамырда Г. ішімдік ішіп отырып, ауылдасымен жанжалдасқан соң, оны балтамен ұрғаны белгілі болды. Сот Г.-ның жәбірленушімен татуласқанын, бұрын соттылығының жойылғанын ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек