- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дикий Арманның "оң...
Дикий Арманның "оң қолы": "Нойс" пен "Карась" деген кім?
Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қуандық Алпыс министрліктің арнайы операциясы кезінде мәлім болған "Нойс" пен "Карасьқа" қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Нойс" пен "Карась" деген кім?
Қуандық Алпыстың сөзінше, "Нойс" Жұмагелдиевтің "оң қолы" және бас серіктесі. Қазіргі уақытта "Нойс" шет елде, оған халықаралық іздеу жарияланды. Оны ұстау және экстрадициялау бойынша шаралар қолданылып жатыр.
"Карась" те Жұмагелдиевпен қылмыстық байланысы бар. Бұған дейін бірнеше рет сотталған, қазіргі уақытта "қаңтар оқиғасына" қатысқаны үшін қамауға алынған.
"Карась" пен "Нойс" қандай күдікке ілінді?
"Нойс" бірнеше ауыр қылмыс жасағаны үшін, оның ішінде, 2018 жылы Алматыда адам өлтіруге оқталғаны үшін күдікке ілінді (бұл дерек бойынша халықаралық іздеуге жарияланған).
"Карась" бірқатар ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінді. Соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастыру және басқару, бандитизм, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, адам ұрлау, қару ұстау бар.
Бұған дейін "Нойс" пен "Карась" не үшін жауапкершілікке тартылған?
"Нойс" бұған дейін Қылмыстық кодекстің 327, 178-бабы бойынша (ескі редакция бойынша "ұрлық" және "өзін-өзі басқару") сотталған.
"Карась" Қылмыстық кодекстің 179-бабы, 287-бабы, 380-бабы бойынша сотталған.
"Нойсқа" неліктен халықаралық іздеу жарияланды?
Ол 2018 жылы адам өлтіруге оқталғаны үшін күдікке ілінді, қылмыстық іс бірнеше жыл бойы ашылмаған, қазіргі уақытта іс бойынша тергеу мерзімдері қайта басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұл іс бойынша 6 күдікті аса ауыр қылмыс мүшесі болғаны үшін қамауға алынды. "Нойс" лақап атымен белгілі адамның қатысы барына дәлелдер бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина