Атамен қол ұстасып билеген полицей Желі қолданушыларын күлдірді

Фото: Видео кадры

Мейірімді полицейдің әрекеті Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода полиция қызметкері сахнаның қасына барып билеп тұрған ер адамды жұлқыламай, керісінше онымен бірге билеп орнына отырғызады. 

Бұл видео TikTok-та 1 миллионнан аса қаралым, 83 мың лайк пен 3 мыңнан аса пікір жинаған. 

@aibol.baige4 Ответ пользователю @Махов.Мейрбек83 #genshinimpact33updatfo #WheneverWherever #baigee #сәйгүлік #music #baigekz #alamin_1 ♬ Жалған дүние - Султан Марат

Желі қолданушылары полицейдің бұл қылығына тәнті болып, түрлі пікір қалдырған. 

"Керемет! Көңілін тауып, ренжітіп алмай алып шықты", "Жақсы полицейлер де бар екен ғой", "Осылай болса, бәрі жақсы көреді ғой, дұрыс қарым-қатынас болу керек", "Үлкенді сыйлайтын жақсы жігіт екен", "Полицияның барлығы осындай болса, полицияға деген халықтың сыйластық жағынан көзқарасы өзгерер еді", "Офицерский вальске дайындалып жүрген шыгар", "Атамыз түсінбей қалды", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек