Шымкент зообағында ыстықтан қорғану үшін жануарларға балмұздақ беріліп жатыр

Шымкент зообағында ыстықтан қорғану үшін жануарларға балмұздақ беріліп жатыр
Фото: Видео кадры

Шымкент зообағында ыстықтан қорғану үшін жануарларға балмұздақ беріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, аюлар мен маймылдарға тәттілер ерекше ұнаған. Мамандардың айтуынша, мал ауырмасын деп жануарларға балмұздақ күнде берілмейді. 

"Қасқыр, аю, барыс үшін арнайы бассейндер бар. Арқарлар, жирафтар және тау ешкілері үшін күніне 3-4 рет контрасты душ ұсынылады. Тұтастай алғанда, емдеу және душ қабылдау жиілігі белгілі бір жануардың ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, барыстар мен пума үшін біз түнде қоршаулардағы кондиционерді қосамыз", - деді Шымкенттегі хайуанаттар бағының гид-биологы Бағдат Әмзебек. 

Жыртқыштарға салқындатылған ет, ал шөпқоректілерге салқын қарбыз бен қауын беріледі. Аптаптан қорғанудың тағы бір  түрі - контрасты душ. Жануарлар енді күніне үш рет суға шомылады. Ыстыққа шыдамайтын жануарлардың қораларында кондиционерлер орнатылған. Қазір Шымкент зообағында 3 мыңға жуық жануар мекендейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек