Ертең 7-20-25 бағдарламасына өтініш беру басталады

Ертең 7-20-25 бағдарламасына өтініш беру басталады
Фото: Tengrinews.kz

Ертең, 12 шілдеде 7-20-25 бағдарламасына өтініш беру басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2018 жылдан бастап "7-20-25" бойынша ипотека рәсімдегендер қайта қатыса алмайды.⠀

Бағдарлама шарттары:

  • 21 жастан бастап;
  • 7 пайызбен;
  • 20 пайыз бастапқы жарнамен;
  • 25 жылға дейін ипотека рәсімдеуге болады.

Максимал қарыз:

  • Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырауда 20 миллион теңгеге дейін;
  • Қарағанды, Түркістан қалаларында 16 миллион теңгеге дейін;
  • Өзге өңірлерде 12 миллион теңгеге дейін.

Пәтерді тек жаңа үйден алуға болады, яғни бірінші нарықтан құжаттары дайын болуы керек.

Дәл осы бағдарламамен пәтер алатын кезде отбасы мүшелерінің атында үй болмауы керек. Ерлі зайыптылардың атында ортақ пәтер, жер үй, саяжай болмауға тиіс.

Еске салайық, 7-20-25 бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан