Экс-депутат Серік Әбдірахманов Қазақстанда шенді лауазымдар қаншаға сатылатынын айтты

Экс-депутат Серік Әбдірахманов Қазақстанда шенді лауазымдар қаншаға сатылатынын айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Мемлекет қайраткері, бұрынғы депутат Серік Әбдірахманов Abay Live YouTube-арнасына берген сұхбатында Қазақстанда шенді лауазымдар қаншаға сатылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, баға қазір әлдеқайда өскен.

"Қазақстанды кім тонады? Әкімдер тонады, министрлер тонады. Генералдар бәрі - миллиардер. Санаулы ғана генералдар адал, таза. Қалғандарының бәрі бай. Назарбаевтың кезінде генералдың атағы 1 миллион доллар тұратын. Қазір әжептеуір хабары бар, осы салаға жақын жүргендер айтады: "генералдың бағасы 3 миллион долларға көтеріліпті". Барлық қызмет орны сатылады. Өте бай, май шелпекке бататын әкімдер Атырау, Ақтөбе 3 миллион долларға броньдап баратын, қазір 5 миллионға баратын шығар", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова