Алматыдағы "Кенжехан-2" базарында өрт шықты

Алматыдағы "Кенжехан-2" базарында өрт шықты
Фото: видеодан алынған кадр

Өрт сөндірушілер Алматы базарындағы өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қоңырау бүгін сағат 12:00 шамасында түскен.

Алматының ТЖД бөлімшелері келгеннен кейін "Кенжехан-2" киім базарының аумағында контейнерлік үлгідегі қоймада өрт болғандығы анықталды. Өрт аумағы анықталып, халықты базардан эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖМ бөлімшелерінің жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан