Зайнутдиновтың агенті оның "Бешикташ" командасына ауысуы мүмкін деген қауесетке жауап берді

Зайнутдиновтың агенті оның "Бешикташ" командасына ауысуы мүмкін деген қауесетке жауап берді
Фото: instagram/kff_team

Бахтияр Зайнутдиновтың агенті Евгений Новиков Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысының түрік "Бешикташ" командасына ауысуы мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Түркиялық Fanatik порталының өкілдері футболшының агентімен байланысқа шықты.

"Бешикташ" Бахтияр Зайнутдиновқа қатысты ЦСКА-мен байланыста. Егер клубтар келіссе, Бахтияр "Бешикташ" футболкасын қуана киеді", - деді Новиков басылымға.

Еске салайық, осыған дейін Түркия Суперлигасының "Бешиктас" командасынан Зайнутдиновке қызығушылық танытып, легионер болып есептелмейтіні белгілі болған еді.

Бұған дейін Түркия суперлигасының клубы қазақстандықтың трансфері үшін үш миллион еуро және сыйақымен бірдей соманы ұсынғаны хабарланған болатын. Бірақ бұл сома спортшыға ұнамады.

25 жастағы Зайнутдиновтың ЦСКА-мен келісімшарты 2025 жылғы маусымға дейін есептелген. Мәскеулік клуб ойыншыны 2020 жылы Ростовтан екі миллионға сатып алған. Бұл ретте Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын алты миллион еуроға бағаланып отыр.

Түркия Суперлигасының жаңа маусымы 11 тамызда басталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек