Қазақстанға арыстан мен жолбарыстың күшіктері заңсыз әкелінбек болған

Қазақстанға арыстан мен жолбарыстың күшіктері заңсыз әкелінбек болған
Фото: t.me/breakingmash

Ер адам Астраханьнан Қазақстанға екі арыстан мен екі жолбарыстың күшігін әкелмек болған. Шекара қызметкерлері көлікті тексеру кезінде заңсыз жүкті анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Telegram-арнасының мәліметінше, 60 жастағы ер адам "Қараөзек" бақылау-өткізу бекеті арқылы екі жүк таситын көліктің артқы орындығында жануарларды алып өтпек болған. Оның бұл жүкті тасымалдауға рұқсаты болмаған.

 

Ұсталған ер адамның айтуынша, ол Шешенстаннан үш айлық арыстан мен жолбарыстың күшігін сатып алып, Қазақстандағы жеке хайуанаттар бағына сатпақ болған.

Еске салайық, бұған дейін полиция қызметкерлері Қарағанды ​​хайуанаттар бағындағы арыстанның күшіктерін сатпақ болған үш ер адамды ұстаған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек